Шымкентте жиырма адам саңырауқұлақтан уланды

"Соңғы аптада бізге саңырауқұлақтан уланған адамдар түсе бастады, олардың бәрі ауыр халде болды. Күніне екі үш адамнан келіп жатты. Оның ішінде отбасы түгел уланғандар да бар. Қазіргі кезде екі адам реанимация бөлімінде жатыр",-дейді Қ.Матаев.

Ауа райының жылылығынан қазан айының соңы мен қараша айының басында саябақтарда, жол жиектерінде, бақшада қозықұйрыққа ұқсас саңырауқұлақтар қаптап өсе бастаған. Токсикология бөліміне түскендер жыл сайын жинайтындарын, қалай дайындау қажеттігін жақсы білетіндіктерін айтады.

Облыстық санитарлық эпидемиологиялық департаменті тағамдардың қауіпсіздігін бақылау бөлімінің бастығы Мәрияш Сейталиева, саңырауқұлақтардың шынында да бір қарағанда жеуге болатын қозықұйрықтарға ұқсас екенін, бірақ олардың улы екенін растады. Қазіргі кезде санэпидемиолог мамандар қала ішінде және жол жиектеріндегі саңырауқұлақтардан тұрғындарды сақтау үшін ақпараттық науқан өткізуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті