Шымкентте жоғалған сәбиін тапқан ата-ана қуаныштан жылап жіберді


Баланы полицейлермен қоса, көрші-қолаң жабылып іздеген. Күдікті көліктер тоқтатылып түгел тексерілді. Іздеу жұмыстарына тіпті иісшіл иттерді де тартқан. Көп ұзамай жоғалған бүлдіршін үйден 100 метр жердегі бітпеген құрылыс нысандарының бірінен табылды. Иттер ізді анықтап, ұрының артынан түскенімен 300 метрден соң ізді жоғалтып алыпты. Сондықтан, нәрестені кім, не мақсатта ұрлағаны белгісіз. Ал, сәбиімен қайта қауышқан ата-анасы қуаныштан тіпті жылап та жіберді.