Шымкентте жол апаты салдарынан 400 үй газсыз қалды

Шымкентте жүк көлігі газ құбырын қағып кетіп, салдарынан 400 үй газсыз қалды, деп хабарлайды Sputniknews.kz "Отырар" жергілікті басылымына сілтеме жасап. 

Жол апаты 11 желтоқсанда 19:40-та Желтоқсан және Белинский көшелерінің қиылысында болды. Апаттық-жөндеу жұмыстары түні бойы жүргізілген.

Қала әкімдігі мен "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясы төтенше жағдайды болдырмау мақсатында 400 үйдің тұрғындарына газды өшірткізген. Газ құбыры жөнделген бойда халыққа хабар беріледі.