Тележурналистердің хабарлағанындай, биыл Шымкент қаласында 30 көшені жөндеу межеленген. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу құқығын тендерде төрт компания жеңіп алған. Олар: "Береке", "Ташьяпи" ЖШС, "Асар" мен "Түркістан жол сервис" компаниялары. Жұмыстар жүріп жатыр. Алайда, бюджеттен қаражат әлі күнге дейін келіп түспеген.