Шымкентте жолдардың қымбат плиталармен қапталуы жүргізушілерді таңқалдырды

Енді қала билігі коммуналдық қызметтен қалай да көшелерді ретке келтіруді талап етті. Олар сасқандарынан, тас плиталарды төсеп тастаған екен. Сөйтіп, жыртық жолдарды жамау үшін жергілікті бюджеттен 1 тиын да шықпады. Ал жолдарды асфальттау сәуірге жоспарланыпты. Сондықтан, жүргізушілерге ыңғайсыздық келтірсе де, қымбат материалмен өңделген жолдар әлі кемінде бір ай жатады.

Еркебұлан Ақбердиев, Шымкент қаласының тұрғыны:

 -Бір жағынан қызық көрінеді. Жолда кетіп бара жатқан кезде асфальттың арасында осындай брусчаткалар төселіп жатқаны енді Шымкентте ғана бар шығар.

Loading...