Шымкентте жұмыс орнынан есірткі ұрлап сатқан қызметкер сотталды

3 жарым келі героин сот сараптамалық институтына қаңтар айында тексеруге түскен екен. Исаев соның 435 грамын ұрлап, орнына ас содасын араластырып жіберіпті. Мұнан соң кезінде есірткі сатқаны үшін істі болған сыныптас досына хабарласып, клиент тауып беруін өтінген. Тек досы сатып алушыларға емес, Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлеріне қоңырау шалыпты. Олар сатып алушы ретінде Исаевқа шығып, бүкіл тауар су жаңа джипке айырбастауды сұраған. Сөйтіп, есірткіні шығарған сәтте-ақ қолына кісен салынды. Енді Дінислам Исаев алдағы 15 жыл 6 айын абақтыда өткізуі тиіс. Судья екі баланың әкесіне бұл жұмсақ жаза деп отыр.

Дәурен Мадалиев, судья:

 -Патролға айырбастап, үстіне 2 мың АҚШ долларын сұраған. Сөйтіп сауда барысында мың долларға түсірген. Сөйтіп келіскен кезде С-деген комитет мүшесі ұялы телефонмен белгіні береді. Сөйтіп, қолма-қол ұсталды есірткіні берген кезде.

Loading...