Шымкентте жүрекке бірегей операция жасалды

С.Әбсеитованың айтуынша, 43 жастағы әйел ауруханаға аса ауыр халде келіп түскен. Барған сайын асқына түскен дерт салдарынан әйел ұдайы есінен айрылып,ахуалы жедел операция жасауды талап еткен. Облыстық денсаулық сақтау департаменті, облыстық кардиодиспансер мен апаттық медицина орталығының мамандары осыған байланысты Республикалық апаттық медицина орталығына өтініш білдірді. Сөйтіп жүрек және ішкі аурулар жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институтының жүрек және оның соғысы бұзылу жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Құрманғазы Мадалиев Шымкенттегі операцияға кеңесші ретінде жіберілді. Екі сағатқа созылған операция қандайбір кедергі немесе қиындықсыз өтті. Қазір науқас әйелдің ахуалы орташа деп бағалануда.