Шымкентте жүргізуші абайсызда анасын басып өлтірді

Өткен дүйсенбіде оны көлігімен ұлы басып кетті, деп хабарлады сейсенбіде облыстық ТЖ департаментінің құтқарушы отрядының ресми өкілі Павел Вишенин.

"Құтқарушылар бригадасы келгенше  әйел алынған жарақаттан қаза болған,

құтқарушылар апаттан құтқару құралының көмегімен көліктің астынан оның денесін алып шықты", деді ол.

Көргендердің айтуына қарағанда, жігіт көлікті іске қоспақ болған, аяқ асты көлік қозғалып кетіп, алдында тұрған әйелді соққан, деді П.Вишенин.