– Давай езжай. В следующий раз поймаю я тебя оформлю.
–Вы не материтесь.
– Что вы руки распускаете?
– Шешеңнің...
Жүргізуші сыпайы түрде жол ережесін бұзғаны туралы дәлелдерді көрсетуді сұрағаны таспада анық көрініп тұр. Полицейге бұл ұнамаса керек. Жүйкесі жұқарған старшинаны жанында тұрған екі сержант та тоқтатуға тырысқан жоқ. Жүргізушінің құжаттарын сол күйі көре алмаған полицейлер ақыры айыппұлсыз жіберді. Тек, бейнекамераға түсіп қалған оны кекшіл жүргізуші ғаламторға салып жіберген. Енді полиция сапында 25 жыл жұмыс жасаған қызметкер экипаж мүшелерімен түгел жұмыстан қуылуы мүмкін.
Сұңғат Түгелбаев,
Шымкент қалалық ІІБ бастығының орынбасары:
-Қызметтік тексерулер барысында осы қызметкерлердің, командир роталары, командир взводтары және де полк орынбасарларына дейін жауап алынып, істері қаралады.
Loading...