Шымкентте жыл басынан бері жалған нөмір таққан 103 жүргізуші анықталды


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері жалған мемлекеттік нөмірлі көлік құралдарын басқарған 103 жүргізушіні анықтаған.

«Барлық жайт бойынша құқықбұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жүргізушілер жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, заңнамаға сәйкес бұл құқықбұзушылық 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады», - деп жазды ведомстводан.