Мұндай жағдай орталыққа негізгі отын сатушы - "ПетроҚазақстан" АҚ тарапынан жаңа баға талап етілуі түрткі болған. Айталық, егер 2003-жылы 3-жылу электр орталығына мазут 42 долларға тең біртұтас бағаға сатылып келсе, қазір сатушы кәсіпорынның өндірістік мақсаттарына арналмаған отынның бір тоннасы үшін 124 доллар талап етуде.
Қалалық энергетика басқармасының ақпаратына сәйкес, 3-жылу электр орталығы қыс маусымында тәулігіне 800 тоннадан астам мазут тұтынады. "ПетроКазахстан Ойл Продактс" АҚ-нан мұнда тәулігіне 420 тоннадай мазут жеткізіледі. Ол энергия өндіруге, сондай-ақ, ПетроҚазақстан бөлімшелері мен басқа да өнеркәсіп орындарының игілігіне жұмсалады. Жылу электр орталығының жеке мазут қоры небәрі 350 тоннаны құрайды. Орталық күні бүгінге дейін жазғы режимде жұмыс істеп тұр. 15-қазанда басталуы тиіс жылыту маусымы сөйтіп басталмай қалды.
Ал аура райын бақылаушылардың айтуынша, алдағы күндерде Шымкентте қатқақ болады. Тұрғын үйлер, оқу орындары мен ауруханаларда қазірдің өзінде суыта бастады.
Кеше, 20-қазанда облыс әкімі Болат Жылқышиев пен "ПетроКазахстан Ойл Продактс" АҚ-ның президенті Томас Дворжактың жұмыс бабындағы кездесуі өтті. Оған журналистер жіберілген жоқ. Кездесуден кейін қатысушылар келіссөздердің қорытындысы туралы түсініктеме беруден бас тартты. Жалғыз белгілі болғаны, келісімге қол жетпеген, соған байланысты мазут беру мәселесі шешімін тапқан жоқ.
Қала тұрғындары үшін былтыр жылыту құны орта есеппен бір шаршы метр үшін 40 теңгеден сәл асқан.