Әкім орынбасарының айтуынша, қазіргі сауда алаңдарының сын көтермейтін мүшкіл ахуалы базарларды көшіру туралы шешім қабылдауға түрткі болды.
Сонымен бірге, Ю.Еннің айтуынша, жерлерді иеліктен шығару және базарларды көшіру шаралары заң шеңберінде жүзеге асырылады. Кәсіпкерлер зардап шегуге тиіс емес. Шығындар толыққанды өтелінеді.
Бас жоспарға сәйкес, көлемді көтерме сауда базарлары орын тебетін төрт жер айқындалған. Олар қалаға кіре берісте орналасады. Алғашқылардың бірі болып облыстық клиникалық аурухананың жанындағы базар көшіріледі. Бұл жерде саябақ салынады деп жоспарланған.