2004-жылы 3-ші Жылу электр орталығы "Қазақстанның коммуналдық желілері" компаниясына сенімді басқаруға берілген. Әкімшіліктің хабарлауынша, осы екі жылда 330 млн. теңгеден астам инвестиция жұмсалды. Алайда, кәсіпорын дағдарыстан шыға алған жоқ. Бұрынғы басшылық жылу бағасын күзде 46,66 теңгеге дейін көтеру де құтқара алмайды деп санайды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003/2004 жылыту маусымы соңғы 10-15 жылда Шымкенттегі ең қолайлы маусым болды. 2002-жылы "Энергоцентр-3" акционерлік қоғамын басқаруға келген Әділхан Арғымбеков берешектердің көлемін қысқартып, жылу беру ісін жолға қоя алды. Ол облыс басшылығының 3-ші Жылу электр орталығын муниципалдық меншіктен "Қазақстанның коммуналдық желілері" компаниясына басқаруға беру жөніндегі идеясына үзілді-кесілді қарсы шыққан болатын. Алайда, 3-ші Жылу электр орталығын құрамына қамтитын "Энергоцентр-3" акционерлік қоғамы бәрібір "Қазақстанның коммуналдық желілері" компаниясының басқаруына өтті. Осыдан кейінгі екі жылда жылумен қамтамасыз ету қызметінің сапасы күрт төмендеп, дебиторлық берешек бес есе артып, 2004-жылғы 187 млн. теңгеден 900 млн. теңгеге жетті.
3-ші Жылу электр орталығы шымкенттік тұтынушылардың 65 процентін қамтамасыз етеді.
2004-жылы "Қазақстанның коммуналдық желілері" компаниясының бір бөлімі - "Оңтүстік жарық" ЖШС де "Түркістанэнерго" АҚ банкрорттыққа ұшырағаннан кейін Шымкенттің аймақтық электр қамтамасыздығы нарығына келді. Сонымен бірге "Қазақстанның коммуналдық желілері" компаниясын құрамына қамтитын "Ордабасы" республикалық корпорациясы сол жылы Шымкенттегі доңғалақ жасау зауытын сатып алды. Корпорация өндірісті іске қоса алған жоқ, қазір кәсіпорын консервацияланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті