Шымкенттегі базарда шыққан өртпен 29 адам күресті

Өрт 1 сағаттың ішінде сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 29 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Жалын шарпыған аумақ 78 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.