Шымкенттегі блок-бекеттерде қызуөлшегіштен басқа тексерсетін медициналық құрылғылардың жоғы рас па? (ВИДЕО)

Бұл туралы Instagram желісінде тараған бейнежазбада белгілі болды, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

Егерде видеоны анықтап қарайтын болсақ, блок-бекеттерде жолаушыларды тексеретін тепловизор, яғни жылуға ден қойғыш құрылғы жоқ.

Блок-бекетте тексеріп жүрген медициналық қызметкердің қолында қызуөлшегіштен басқа ештеңе жоқ, тепловизордың не себепті жоқ екеніне медициналық қызметкер жауап бере алмады.

Видеоны түсірген азамат тепловизор Шымкенттің блок-бекеттерінен басқа аймақтардың барлық жерінде барын айтып қалды.Оқиға Түркістан облысы аумағындағы блок-бекеттердің бірінде болса керек.