Шымкенттегі дауыл хайуанаттар бағы қызметкерінің өмірін қиып кетті

«Бүгін таңғы сағат сегіздер шамасында хайуанаттар бағында күшті дауылдан биік ағаш опырылып құлады. Ағаш сол маңнан өтіп бара жатқан жыртқыш аңдар бөлімі қызметкерін мерт қылды», - деп хабарлайды бақтың директоры Сейдолла Жұбаев.

52 жастағы әйел сол жерде жан тапсырды.