Бүгін алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясында Дендросаябақты қоғам қайраткерінің атына беру мәселесі бірауыздан оң шешімін тапты, деп хабарлайды Baq.kz ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, Асанбай Асқаров 1978 жылдан 1985 жылға дейінгі аралықта Оңтүстік Қазақстан облысы обком партиясының бірінші хатшысы қызметін атқарған. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары басшының іскерлігімен қалада көптеген әлеуметтік құрылыстар жүріп, шағынаудандар бой түзеген. Облыс орталығында көпшіліктің көз қуанышына айналған дендросаябақ та тұғырлы тұлғаның тікелей атсалысуымен халық игілігіне берілген болатын.
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.