Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Акцияға 400-ге тарта ерікті қатысып, екі күн бойы өз көмектерін көрсетті. Олар қаладағы 200 отбасына таратылатын көмірді тиеп берді. Көмекке мұқтаж отбасылар алдын ала сауалнама жүргізу барысында анықталған болатын. Ал шараға қажетті қаражат еріктілердің арнайы «Мейірім конверттеріне» қоса, жеке кәсіпкерлердің қолдауы және блогерлердің әлеуметтік желілерде ақпараттандыруы арқылы жиналды.