Шымкенттегі оқу орындарының бірінде тексеріс басталды

Ведомстводан хабарлағандай, Тексеріс комиссиясының құрамына министрліктің Білім және ғылым саласын бақылау комитетінен және «АDAL BILIM» жоба офисінен сарапшылар кірді.

 

"Негізгі зерделенетін мәселелер: мемлекеттік стандарттың сақталу деңгейі, оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуын және жүзеге асырылуын реттейтін заңнамалық талаптардың орындалу деңгейі, лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік деңгейі", - делінген хабарламада.

Министрлік тарапынан мүдделі жақтарды ақпараттандыру мақсатында тексерудің қорытындысы бойынша университеттегі оқу-тәрбие процесінің жай-күйіне қатысты толық ақпарат берілетін болады.