2-3 айлық ұл бала орап салынған полиэтилен сөмке 12-қыркүйек күні таңертең 7 сағат 30 минутта табылған. Сөмкені тауып алған кезде тірі болған бала бірнеше минуттан кейін ауруханада қайтыс болды.
Соңынан жүргізілген дәйекті тексеру кезінде баланың ішінен әлдебір жарақат табылып, басына қан шапқаны анықталды. Кейін белгілі болғанындай, ішінде нәрестесі бар сөмкені аурухана ауласында қаңғыбас иттер сүйреп жүрген.
Қазір 3-бөлімнің тергеушілері тастанды баланың шешесі кім екенін анықтау үстінде. Осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің "Қатерлі жағдайда қалдыру" жөніндегі №119-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.