Шымкенттегі қысқы маусымға дайындық қарқыны алаңдаушылық туғызып отыр - ОҚО әкімінің орынбасары

Жиналысқа қатысқан облыс әкімінің орынбасары Мәжіт Тұрмағамбетов шешілмеген мәселелердің көптігіне және талқылау барысына көңілі толмады. "Менің Астанада қызмет істеген кезімде онды мынадай тәртіп болатын: жұмыс көлемінің 10 пайызы орындалмады ма, қызметіңізден кетесіз. Бұл лауазымды тұлғалардың жұмысының өнімділігіне игі әсер етті", - деп ескертті әкім орынбасары.

Шымкентте көп қабатты 1791 үй орталық жылу жүйесі арқылы жылытылады.