Caravan Logo

Шымкенттегі тұрғын үйде болған өрт орнында табылған ер адамның тұлғасы анықталуда

Шымкенттегі тұрғын үйде болған өрт орнында табылған ер адамның тұлғасы анықталуда

Сейсенбі, 30 қазан күні Шымкент қаласында барак типті 5 пәтерлі тұрғын үй өртенді. Жалын тілі 90 шаршы метр аумаққа тарады. 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді. ТЖ орнында тұлғасы анықталмаған ер адамның мүрдесі табылды.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 40 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды.