Қауымдастық төрағасы Қайыпбек Қамбаровтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, жанармай таратушы бекеттердің қожайындары ішкі нарықтағы жанар-жағармай тапшылығын жою үшін заңнамаға елімізден жанармай шығаруға шектеу қоятын тиісті түзетулер енгізу қажет деп санайды.
Қ.Қамбаровтың мәліметіне сүйенсек, 2005-жылдың қыркүйек айында "PetroKazakhstan Оil Products" АҚ барлығы 77,5 мың тонна жанар-жағармай жөнелткен. Оның 46 мың тоннсы ел ішінде сатылса, 32 мыңдай тоннасы шетелдерге шығарылған. Бұл өнімдер Грузия, Латвия, Ауғанстан, Қырғызстан және Тәжікстанға жөнелтілді.