Жалпы жергілікті жедел жәрдем ауруханасында үш бірдей УЗИ аппараты бар ультрадыбыстық зерттеу бөлімі жұмыс істейді. Қазір олардың біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Ал ауруханаға диагнозын жедел анықтап, операция жасау қажеттігін анықтауды қажет ететін ауыр науқастар тәулік бойы түсіп жатады. Осыған байланысты жалғыз аппараттың жұмыс істеуі біршама қиындықтар туғызуда.
Осыдан үш жыл бұрын ауруханаға қымбат томограф сатып алынған. Санаулы минутта науқастың диагнозын анықтап, емдеуге кірісуге мүмкіндік беретін бұл жабдық рентген трубкасы істен шығуға байланысты бір жылдан бері қаңтарулы тұр. Бұл жабдықпен бір жылдық норма бойынша 130 мың зерттеу жасалуы тиіс болса, күні бүгінге дейін аппарат 305 мың мәрте пайдаланылған.
Жедел жәрдем ауруханасының басшылығы қалалық биліктің көмегіне жүгінгенімен, олар қаржыны өз бетімен қарастыруға кеңес берген.