Шымкенттегі жол апатынан оған кінәлі көлік жүргізушісі ғана аман қалды

«25 жастағы Ақсукент ауылының тұрғыны «Мерседес-Бенц-300Е» көлігімен қарсы жолаққа шығып кетіп  «Ауди-80» автомобилімен соқтығысқан. Алған жарақаттардан «Ауди-80» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі,  1960 және 1983 жылдары туылған екі әйел мен 33 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қаза тапқандардың барлығы облыс орталығының тұрғындары», - деп хабарлады ОҚО ІІД.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Жол апатына кінәлі азамат қамауға алынды.