Шымкенттен Алматыға қатынайтын жолаушылар автобусы трассадан құлап кетті

Алматы облысында Ұзынағаш ауылына жақын жерде жолаушылар автобусы жол апатына ұшыраған, деп хабарлады ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

"Таңғы сағат 8-де Алматы-Бішкек автожолының 62-ші километрінде жол апаты болды. ІІД-не түскен мәлімет бойынша, екі адам қаза тапқан. Ұзынағаш ауылындағы аудандық ауруханаға он адам жеткізілген, олардың бірі кәмелеттік жасқа толмаған. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр", — деп мәлімет берді полиция.

ІІЖ мәліметінше, Шымкенттен Алматыға аттанған автобуста 43 адам болған. Бастапқы болжам бойынша, 41-жастағы жүргізуші көктайғақ салдарынан рөлге ие болмай, автобус трассадан құлап кеткен.


Жол апаты дерегі бойынша қылмыстық тергеу басталды.