Бала қазір қаладағы бір ауруханада бақылау астында емделуде.
Н.Сахнованың айтуынша, Шымкенттен келген балаға үш түрлі зерттеу тағайындалған. Олардың екеуінде диагноз расталды. Үшінші сынама СПИД-пен күрес және оның алдын алу жөніндегі республикалық орталықтың тексеруіне жолданды. Бүгін бұл орталықтан бала расында да індет жұқтырған деген жауап келді.
Н.Сахнованың айтуынша, бала Семейде емделе береді. Оған ақысыз кепілдендірілген медициналық көмек көрсетіліп, 8,8 мың теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында 76 бала мен 8 әйелден ВИЧ індеті анықталды. Жеті бала қайтыс болып, біреуін АҚШ азаматтары асырап алған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті