"Кешріңіз, өтінемін. Сіздің бамперіңізді сырып кеттім, байқамай қалыппын. Бұл ақша аз болса, хабарласыңыз", - деп жазған жүргізуші 2 мың теңге қыстырып кеткен.
Көлік иесі бамперінің болмашы ғана сырылғанын хабарлады. "Саналы азамат екен, рақмет. Ал сзідер адамдар зұлым дейсіздер. Осындай адал ісі үшін телефон да соқпадым. Жолдарыңыз болсын", - деп жазды ер адам.
Осы жазбаға көптеген қолданушы ер адамның ісіне тәнті болғанын жазып жатыр.