Шымкенттік әйел нәжіс толы шұңқырға құлап, түні бойы жатып қалған


Түн ортасында абайсызда септикке түсіп кеткен оның айғайлаған дауысын көршілері тек таң ата естіп, құтқарушыларды шақырыпты. Жас шамасы 50-ге келген әйелді құтқару үшін мамандарға арнайы альпинистік құралдармен құдыққа түсуге тура келді. Түні бойы нәжіс ортасында отырған әйелдің жарақаты аса ауыр болмаса да қатты тоңып қалған. Қапастан құтылған оны құтқарушылар бірден туыстарының қолына тапсырды.