Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған конкурсқа қатысу үшін автор «Астана» әнін жазды. «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қалима Жантөреева Анатолий Яганинді және облыстық іріктеу турының жеңімпаздары атанған тағы тоғыз авторды құттықтап, оларға ескерткіш сыйлықтар табыс етті.
«Конкурс туралы кездейсоқ естідім және бағымды сынап көрмек болдым. Елорда туралы менің әнімді Өзбекстанның халық әртісі Мансұр Ташматов орындады», - дейді автор. Автордың «Астана» әні қазылар алқасына ұнады, ал елордалық әкімдіктің ішкі саясат басқармасы әнді қазақ және ағылшын тілдеріне аудару туралы ұсыныс жасады.
Конкурсты «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы ұйымдастырды.