Шымкенттік дизайнерлер жұмысқа киіп баратын шапан тікті

Бүгінгі ұлттық киімдер көрмесінде дизайнерлер осыны дәлелдеуге тырысты. Подиумда жеткіншектер мен іскер азаматтарға арналған киім үлгілері көрсетілді. Қазақы сән мен ұлттық нақыш бірден көзге түседі. Мұндай көйлек киюдің тәрбиелік мәні де зор дейді ұйымдастырушылар. Ұлттық киімдерді замандық үлгілермен ұштастырған 20 дизайнердің көйлек-шапандарын жүзге тарта модель жұрттың алдына алып шықты. Егер елдің ықыласына бөленіп жатса отандық өнімдерді жуық арада дүкендер мен шетел бутиктерінің сөресінен де көретін боламыз.


Мәриям Татиева, дизайнер:

-Құрақ коллекциясын құрастырдым. Бұрынғы ұмытылып кеткен ата-бабамыздың аманатын орындап  құрастырып отырмын.  Бұрынғы ата-бабаларымыз жүннен жасаған ғой, сол жүннен шығарғым келіп отыр алдағы уақытта.