Шымкенттік «мауглидің» ата-анасы іздестіріліп жатыр


Бүлдіршін сөйлей де алмайды. Тыр-жалаңаш күйі көше кезген оның қарны да ашып қалған екен. Полицейлердің берген алмасын қомағайлана жеп жатыр. Бүлдіршіннің үстінде жара мен тыртық та көп. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы үйлерді кезіп, сәбидің туыстарын іздегенімен баланы білетін ешкімді таба алмаған. Қазір бүлдіршін анасын күтіп, полиция бөлімшесінде отыр.