Шымкенттік оқушылар Бразилиядан жеңіспен оралды

Олимпиадаға әлемнің 22 елінің 785 оқушы қатысып, 300-ге жуық ғылыми жоба тіркелген, деп хабарлады http://kz.otyrar.kz.

Елімізден 58 оқушы аттанған бұл жарыста шымкенттік жастар информатика саласында ғылыми жоба қорғап, үздіктер қатарына ілінді. Дарабоз оқушыларды мектеп мұғалімдері мен  ата-аналары  қарсы алды. Шымболат Туғанбай және Дәурен Ордабаев әлемдегі ең танымал сөзжұмбақ түрлерінің бірі - судокудың жаңа нұсқасын жасап, оның ең қиын судоку екенін дәлелдеп шықты. Мұнымен жеңімпаз жастар тоқтап қалмаймыз дегенді айтып, алдағы уақытта да жағымды жаңалықтарымен қуантуға уәде етті.

Айтып өтейік, MOSTRATEC халықаралық олимпиадасы - Бразилияда жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі дарындылар сайысы. Онда жеткіншектер ғылыми, шығармашылық, техникалық жобаларды ағылшын тілінде қорғап, таңдалған сала төңірегінде жаңалық ашуға тырысады.