Шымкенттік полицейлер облыстық аурухананың екі емделушісінен 1,3 кило героин тәркіледі

Жай киім киген полиция қызметкерлеріне облыстық аурухананың ауласында екі еркек таяп келіп 1 кило героинді 5 мың АҚШ долларына сатып алуды ұсынады. Сөйтіп әлгі есірткі сатушылар ұсталып, есірткі тәркіленді. Тінту кезінде аурухана төсегінің төсеніші астынан тағы да 300 грамм героин шықты. Еркектер облыстық ауруханада емделіп жатқан адамдар көрінеді. Олардың айтуынша, аурудан тез айығу үшін есірткі тұтыну жөнінде таныстары "ақыл-кеңес" берген екен. Есірткінің героин екенінен әлгілер мүлдем бейхабар болыпты-мыс.