Онда Шымкенттің "ОҚМУ-Қазығұрт" командасы ұпай қорын 54-ке жеткізіп, турнир кестесіндегі көшбасшылықты өз қолына берік ұстай түсті. Олар бұл турнирде жарыс қожайындарының "Есіл-Викториясына" ғана 1:3 есебімен есе жіберген болатын. Қазір Оралдың "Жайық-Конденсатында" - 45, Астананың "Ұшқын-Искрасында" - 39, Павлодарлық "Ертіс" мен Қызылжардың "Есіл-Викториясында" - 38 ұпай бар. Өз алаңында сәтті өнер көрсеткен "Есіл-Виктоия" өз көрсеткішін айтарлықтай жақсартты. Олар бұл сайыста тек павлодарлықтардың (1:3) ғана осал тұсын таба алмады. Ал "ЦСКА-Алматы" (16), "Атырау-2" (14) және тағы бір алматылық команда - "ҚазНАУ" (8) көш соңында келеді. Ел чемпионатының келесі туры енді 18-26 наурызда Шымкентте өтеді.