Шымкенттік жезөкшелер «қызмет» құнын жайып салды

Бұл жолғы рейд жезөкшелердің шоғырланатын орыны жалдамалы пәтерден басталды. Мұнда бас сұққан полицейлер бірден үлкен «табысқа» кенелді. Үйде қызмет ететін 5 қызға бұл жолы 6 жігіт қонаққа келген екен. Тек, «уақытша махаббат» іздеп келген жігіттер мақсаттарына жетіп үлгермепті.

- Нешінші рет келдің?

– Бұл жерге бірінші рет келіп тұрмын.

– Бұл жерге демалуға келдің бе азанға дейін?

– Енді біліп тұрсыз ғой өзіңіз.

- Қыздар қанша сұрап жатыр?

–Қымбат.

Қонақ жігіттер бір-бірімен таныс емес. Барлығы да бұл пәтерге алғаш рет келген көрінеді. Өздерінің айтуынша, бұл пәтер ақылы қыздардың ордасы екенін жұрттың бәрі біледі екен. Ал, жас шамасы 20 мен 23тің арасындағы қаракөздің барлығы мұнда пәтер жалдап тұрады. Барлығы Шымкент қаласының тұрғындары.

- Палкасы мың жарым теңге. 5-6 клиентпен.

- Сіздің жеңгетайыңыз бар ма?

 – Жоқ, тек квартираға мың теңге береміз.

– Кім дегенге бересіз?

- Мен көрген жоқпын оны, жақында келдім.

Шымкенттің орталығы Республика даңғылы, Алматының Сейфуллин көшесі іспеттес. Әр, дүкеннің алдында жеңгетай, әр аялдама түбінде топталып қыздар тұрады. Жезөкшелер жұмысының жүйеленгені сондай, полицейлердің рейді жөнінде алдын-ала білетін де болып шықты.


Жеңгетаймен сұхбат:  

- Әдемі-әдемі екі қыз қалды. Басқа ешкім жоқ.

-  Қыздар көп еді ғой мұнда? 

- Әй, қазір рейд болып жатыр ғой.

- Ұстап алмай ма қазір? 

- Енді келмейді, жаңа келіп кетті ғой.

- Если что ескертесіз ғой, ия? 

– Аха, ақымақ емеспіз ғой, не болды саған.

Сондықтан бұл жолғы рейдтің нәтижесінде 9 жезөкше анықталып, бір жеңгетайға қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың аздығына полицейлердің өздері де таңғалады.

Әлімхан Шанбаев,  ОҚО ІІД аға уәкілетті қызметкері:

- Қыздар мен жігіттерді қандай жаза күтіп тұр. Өкінішке орай, жіберіледі жеке басын анықтағасын.

Ал, біле тұра баспанасын жезөкшелерге жалған бергендерге жаза қолданылады. Қазір жын-ойнақ құруға пәтерін берген Қайрат есімді азаматқа іздеу салынып, сыртынан қылмыстық іс қозғалды.