Шымкенттіктер украиндықтарға гуманитарлық көмек жөнелтпек

Гуманитарлық көмек ретіндегі алғашқы жүк Ақтөбеге жөнелтілді, сол жақтан ол автокөлікпен Луганскіге жеткізіледі.
Шымкенттіктер жарма, макарон өнімдері мен бұқтырылған ет, консервілер салынған бірнеше жүздеген пакеттер жинады. Бұдан басқа, қала тұрғындары шприцтер, инсулиндер, бинттер, йод, бірқатар антибиотиктер тәрізді алыс жолға шыдайтын дәрі-дәрмектер де сатып алды. 

«Біз тек бейбіт халық үшін жинап жатырмыз. Балалар үшін. Көптеген адамдар ештеңесіз қалды», - деді акция бастамашысы Тимофей Зайцев.
Белсенділер қалалықтардан ақша алмайтындарын, тек азық-түлік, киім-кешек пен дәрі-дәрмектер ғана алатындарын жеткізді.
Акцияға мектеп оқушылары да қатысуда. 9 жасар Әлтейін Жанысбеков «жинақ сандықшамды ашып, 400 теңге бердім» деді.
«Мен дәріханаға барып, бинт сатып алдым. Ата-анам қолдау көрсетті», - деді мектеп оқушысы. Ол досымен бірге қораптарды орауға жәрдемдескен.
Енді жөнелтуге гуманитарлық көмектің екінші партиясы дайындалып жатыр. Шымкенттіктер бастамаға қолдау көрсеткен көлік компанияларына алғыс білдіреді.
Айта кетейік, көмек үшін азық-түліктер, заттар мен дәрі-дәрмектер жинау ісі жұма күнге дейін жалғасады.

Жители Шымкента собирают гуманитарную помощь для украинцев

Жители Шымкента собирают гуманитарную помощь для украинцев.


Первый грузовик с гуманитарной помощью отправлен в Актюбинск, оттуда ее доставят автотранспортом в Луганск. Шымкентцы собрали сотни пакетов с крупами, макаронами, сотни банок тушенки, консервов. Кроме того, жители города закупили необходимые медикаменты, которые выдержат транспортировку в Украину. Среди них шприцы, инсулин, бинты, йод, ряд антибиотиков. «Мы собираем исключительно для мирного населения. Для детей. Многие люди остались ни с чем», - рассказал инициатор акции Тимофей Зайцев.

Активисты рассказывают, что деньги от горожан не принимают, а только продукты, вещи или медикаменты. На акцию откликнулись даже школьники. Так, 9-летний Альтеир Джанысбеков говорит, что вскрыл копилку и пожертвовал 400 тенге. «Я пошел в аптеку и купил бинтов. Родители меня поддержали», - рассказал школьник. Он вместе с приятелем помогал инициаторам акции упаковывать коробки. 

К отправке готовится вторая партия гуманитарного груза. Шымкентцы выражают благодарность транспортным компаниям, которые поддержали эту инициативу. Сбор продуктов, вещей и медикаментов продлится до пятницы.