Заңгер Айгүл Орынбек Мақсат Толықбайға қарсы шықты.
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Шымкенттің “Ш” деген әріпінен басқа ештеңе білмейтін Мақсат Толықбайды идеолог ретінде әкелу өте үлкен қателік!
Бізде бір емес қәзір екі идеолог отыр.
Асылов Қуаныш пен Сәрсен Құранбек екеуіде өз салаларының маманы.
Мақсат өзіңді жеке танимын, сыйлаймын, бірақ Шымкент жәй келіп отырып кететін жер емес!
Дәл қәзір Шымкентке идеолог емес, көлік, жолдарды реттейтін, коммуналдық шаруашылыққа ие болатын, құрылыс, жер мәселелерін қолға алатын адам керек!
Ол адам осы жергілікті жердің қыр сырын жақсы білу керек! Біреудің өсегімен жүретін адамдардан Шымкент тұрғындары шаршады!
Ендігі келетін адам мына тозығы шыққан қаланы халықпен ашық жұмыс істей отырып реттеу керек!
Ол үшін ол идиолог емес, шаруа адамы болу керек!
Ғабит Сыздықбеков!
Әдемі сөйлеген беті жылтырағандарды әкеле бермей, қолынан іс келетін адамдарды тарту керек!
Америка көрген Шыңғыс Мұқанды да көрдік. Кітап аударғаннан басқа ешнәрсе бітірген жоқ.
Мақсат Толықбай сен әрине ренжіме, Шымкент қаласы Әйтеновтен кейін әлі ес жия алмай жатыр”, - деп жазды Айгүл Орынбек.