Ақпарат берушінің айтуынша жетекшіліктің 2005 жылдың қорытындысына тиесілі бонусты төлемей қоюы дауға себеп болған. "Осыған дейін бонус арадағы келісім шарттың қосымшасындағы бір ережесі ретінде төленіп келген болатын. Алайда енді қытайлық басшылар бұл құжат қосымша болып табылмайды деген сылтауды көлденең тартуда. Сотқа жіберген арызымызда біз бонус төлеу туралы қосымшаның ұжымдық келісімшарттың заңды бір бөлімі екендігін растауын талап етеміз"-дейді ақпарат көзі.
Зауыт қызметкерінің айтуынша, кәсіподақ мүшелері бонусты төлеу туралы бірнеше мәрте хат жазған, ал жетекшілікпен болған кездесулерде жұмысшылар да бұл туралы сөз еткен болатын. "Олар алдымен есептеп жатырмыз, төлеміз дегенімен тиесілі пұлымыз әлі де қолға тиген жоқ",-дейді ол. "Өткен жылдары бұл ақша қолымызға сәуірде тиетін. Сондықтан кәсіподақ сотқа шағымдануы жөн шешім деп тапты",-деп хабарлайды зауыт қызметкері.
Шымкент мұнай өңдеу зауытының қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Еркін Жұмаділ Kazakhstan today агенттігінің тілшісіне былай деп жауап берді: "мен ешнәрсе деп айта алмаймын. Ал басшылықтың бонусты төлемейміз деген бір нақты жауабы жоқ. Менің білуімше бұл мәселе талқыланып жатыр. Дәл қазір кімге, қашан төленетіні туралы сөз болып жатыр",-деді ол. Е. Жұмаділ де кәсіподақтың сотқа шағымданғаны туралы ақпаратты растады.