Шымкенттің ұсталған төрт тұрғынына 11 жарылыс жасады деген айып тағылып отыр


Шілде айында олардың үшеуі ұсталып, бірі іздеуге берілген болатын. Полицияның баспасөз қызметінен нақтылап өткендей, күдікті төртінші де ұсталған.  Оларға Қазақстанның Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылып отыр, қорқытып ақша талап ету,бұзақылық, қылмыстық топ ұйымдастыру және қастандық жасауға әрекет ету.  "Істің тергелуі аяқталуға жақын", деп атап өтті баспасөз қызметінен.