Caravan Logo

«Шымкент-Ыстамбұл» ұшатын ұшақ экипажының кабинасынан 111 мың АҚШ долларына жуық қаржы табылды

«Шымкент-Ыстамбұл» ұшатын ұшақ экипажының кабинасынан 111 мың АҚШ долларына жуық қаржы табылды

деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

2011 жылдың 12 маусымында ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» аймақтық басқармасының «Шымкент авиа» шекаралық бақылау бөлімінің шекара жасағы «Шымкент-Ыстамбұл» бағытындағы DT-9015 халықаралық әуе рейсі әуе кемесінің экипаждар кабинасына экипаж командирінің қатысуымен жүргізілген тексерістер барысында ұшу құжаттары сақталатын орыннан жапсырғыш лентамен оралған 5 орама табылды. Орамаларды ашқанда, оның ішінен 110 870 АҚШ доллары көлемінде қаражат табылды.

Аталмыш факті бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр.