Samat Nordman Nurtaza айтуынша, суреттегі монах - Серафим әкей. Шын есімі Денис Анатолийұлы Кенесарин. Яғни әйгілі Кенесары ханның үшінші ұлы Ахмет сұлтанның ұрпағы екен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Ол өзінің жеке парақшасында былай деп жазды:
"Суреттегі жас батюшка кім деп ойлайсыз?
Бұл иеромонах - Серафим әкей. Шын есімі Денис Анатолийұлы Кенесарин. Кенесары ханның үшінші ұлы Ахмет сұлтанның ұрпағы.
Ахметтен – Әзімхан, Әзімханнан - Мадияр, Мадиярдан – Анатолий, Анатолийден – Денис (Серафим) дүниеге келеді.
Айтпақшы Әзімхан Кенесарин атақты Алаш қайраткері. Сталин заманында репрессияға ұшыраған. Әзімхан Кенесарин түрмеде отырғанда, немересінің есімі Анатолий болатынын ойламаған шығар ...
Ал сіздің немере/шөбереңіз қазақ бола ма?", деп жазды автор.
Аталған жазба көпшіліктің қызу талқысына түсті. Қазақ халқы үшін жан беріп, өмірін ат үстінде өткізген соңғы ханның ұрпағының осылай болғанына көпшілік қатты күйінді. Ал енді бірі бұған сенгісі келмеді.