Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол Instagram желісіндегі парақшасында видео жариялап, желі қолданушыларынан күнде түрлі жаман сөздер еститінін айтты.
”Мен күнде “мынауұят”, “осы жаста ашық киінуге болмайды”, “ата-анасы біле ме?”, “дым әдемі емес”, “тәрбие жоқ екен” деген секілді жаман сөздкр естимін. Мұның көбін 40–50 жастан асқан ересек адамдар жазады. Менде бір ғана сұрақ. Шын ұят қайсы?! Өз өмірімен айналысқан жас қыз ба? Әлде интернетте отырып, жасөспірімді қорлап, ар-намысына тиіп, пікір жазатын ересек адам ба? Біз - өсіп келе жатқан ұрпақпыз. Бізді қолдау керек. Түсіну керек. Жол көрсету керек. Ал сіздер бізді қорлайсыздар. Сынды “тәрбие” деп жасырасыздар. Есіңізде болсын: сөз - өте қауіпті қару. Сіз жазған жәй пікір біреу үшін жара. Ұят - мен емес. Ұят - ересек адамның баланы кемсітуі. Ұят - жек көруді “тәрбие” деп атау”, - дейді ол.
Жас блогерге жазылған теріс пікірлерге қатысты оның әжесі, танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова да пікір білдірді.
“Алау қызымның жүрегіне кейбіреулердің мұқатуы шынымен ауыр батты. «Пәленшенің немересі, түгеншенің қызы» деп тиісу де аз болған жоқ. Қандай перзентіміз болса да, ішкі дүниесі адалынан болсын. Небір сырт көзге сыпайы, керек десеңіз орамалмен де көріп жүрміз. Беті жылтыр, іші қылтыр. Бастысы – ұрпағымыз екіжүзді болмасын. Бізде ең ауыры, біреу алға шықса, аяқтан тарту көп, өсек бітпейді. Бұйырса, Алау қызым алаулаған жалынды, қайсар қыз болып, бүкіл қазақ елінің мақтанышына айналсын”, – деп жазды ол.