Жуырда Қырғызстанның Германиядағы елшісі Маратбек Бакиев Ш.Айтматов емделіп жатқан Нюрнбергтегі ауруханада болды. Ол жазушының жұбайы Мария Урматовнамен, ұлы Эльдармен және жазушы емдеуші дәрігерімен кездесті.
Қырғыз елшісі Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев пен премьер-министр Игорь Чудиновтың, Халықаралық "Руханият" қауымдастығының атынан тез арада сауығып кетуді тілеп, ұлы жазушының дарынына бас иіп, пір тұтатын азаматтардан елшілікке келіп жатқан тілек хаттардың мән-мазмұнынан хабардар етті.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мамырдың ортасында Қазанға сапармен барған жазушы осы сапары кезінде кенет ауырып қалған. Ол жергілікті ауруханаға жатқызылып, оған көмек көрсетіліп, артынан жазушы Германиядағы ауруханаға жеткізілді.