Шыңжан-ұйғыр автономиялық аймағы Кульма - Қарасу - Қырғызстан автожолын салу аясын кеңейте түсуді ұсынады

Тәжікстанның Сауда-өнеркәсіптік палатасының баспасөз орталығының хабарлауынша, Хэ Имин Тәжікстанның Сауда-өнеркәсіптік палатасының төрағасы Шариф Саидқа Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммитінде Кульма - Қарасу - Қырғызстан автожолын салу аясын кеңейте түсу мәселесін көтеруді ұсынды. "Бұл жобаны Қытайдың банктері қаржыландыра алар еді", - деді Хэ Имин.