Шынжаңның Баркөл ауданында киіз үй тігуден жарыс өтті

Санжы облысының Баркөл қазақ автономиялы ауданында өткен бұрын-соңды болмаған бұл жарыстың көпшілік жұртты елең еткізгені анық. Осы бір өзгеше жарыс барысы бұрындары көшпенді халық өмірінде орны айрықша бағаланатын киіз үйдің өзіндік танымдық сыр-сипатын ұғынудың тамаша орайлы сәтіне айналғандай.

Қазақ халқы киіз үйдің жылдам жиылып-тігілетін, пайдалануға төзімді, беріктігін және суықтан, жаңбырдан, зілзаладан қорғануға болатын ерекше қасиеттерін ертеден ұғына отырып, өз қажетіне кеңінен пайдаланған.