Аталған видеоны Сардар Әбдіжақия желіге жүктеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Адамды жауыздарша сотта жазаламайды біздің елде. Ал мынау жендеттер, бір Қазақтың баласын талқандап тастады ҚР Ішкі істер министрлігі!
Біз осындай мемлекетте өмір сүріп жатсақ, анау Ауғаныстан бізге қарағанда тыныш сияқты ма деп қаласын кейде.
Қанша жерден айыпты болса да, айыпты адамды жазалайтын, жауапқ тартатын органы, соты бар мемлекетпіз ҚР Бас прокуратурасы!
Шұғыл түрде мынау "жендеттерді" тауып жазалаңыздар, халық жиналып жазаламай тұрғанда.
Мынау Бибігүл Рамазан әпкемнің парақшасында жарияланған бейнежазбадағы жан түршігерлік көріністі, жүрегі бар адам аяғына дейін көре алмайды. Тіпті не деп жазарымды да білмей қалдым! Адамды қорланып азапталуына тоқтау салыңыздар Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті!
Менің ойымша бұлар графитти бойынша, яғни есірткі саудасындағы таратушы "жендет" жауыздар сияқты. Мынау баурымыз солардың арбауында қалып қойды деп түсіндім. Тағы білмедім не жағдай екенін. Бірақ қанша жерден кінәлі болса да, адамды азаптап жазалауға ешкімге құқық берілмеген. Жаза кесетін сот бар!
Зайырлы мемлекеттегі масқараға жауап беретін кім бар өзі?
Бұл көріністен соң тіпті фейсбук парақшасы мен зынданға жіберетін шығар. Не болса да осы азапталған баланың құқықтары үшін.
Ашуланған смайлик баспауларыңызды өтінемін? Онсызда мынау видеодан соң фейсбук мені зынданға жіберуі мүмкін, өтініш?",- деп жазды аавтор.
ЕСКЕРТУ: Видеода бейәдеп сөздер бар!