Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
Бақылауды күшейту мақсатында автожолдарда, сондай-ақ базарларда және басқа жерлерде 300-ден астам мобильді топ құрылған.
«Қылқан жапырақты ағаштарды сатуға рұқсаттың жоқтығы анықталған жағдайда, сатушы жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Осы бап бойынша:
- Жеке тұлғаларға - 15 АЕК мөлшерінде,
- Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 30 АЕК мөлшерінде,
- Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе ескертулер жасалады.
Орман ағаштарын заңсыз кесу анықталған кезде ҚР Қылмыстық кодексінде бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жаза көзделеді»,-деп мәлімдеді ҚР ІІМ министрлігі.
Алдын алу шарасы жаңа жылдық мерекелерге дейін жалғасады.