Шырша отқа оранды


Тілсіз жаудан шыршаның түбінде тұрған 3 машинаға зақым келді. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтаса, полицейлер оның шығу себебін тергеуде. Бірақ бұл ең ұлық мерекеміз Тәуелсіздік күніне плакат ілуге де жарамай жер-жерде шыршаны жайнатып қоятын атқамінерлерге сабақ болмай тұр. Өткен аптада ғана Павлодарда жаңа жылдық шыршаны безендіріп жүрген екі жұмысшы оңбай құлаған болатын. Ал ақтүтек боранда Қарағанды мен Астананың шыршасы қирап қалған-ды.