ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшылары Иранға қарсы бір жақты санкциялар қолдануға болмайды деп есептейді және барлық елдерді тайталасты ушықтыра түсетін мәлімдемелер мен әрекеттерден сақтануға шақырды.
«Ұйымға мүше мемлекеттер жеке елдерге әскери күш көрсетіп, бір жақты санкциялар қолдануға болмайды деп есептейді. Оқиғаның текетірес сценариі бойынша өрбуі жағдайды ушықтырып, оны салдары аймақ үшін ғана емес, әлем үшін орны толмас өкінішке әкеп соқтыруы мүмкін», - делінген ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесі саммиті нәтижесінде қол қойылған Бішкек декларациясында.
«Ұйымға мүше мемлекеттер барлық елдерді мүмкіндігінше жауапкершілік пен ұстамдылық танытуға, текетіресті ушықтыра түсетін мәлімдемелер мен әрекеттерден сақтануға шақырады», - дейді ШЫҰ көшбасшылары.